Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 41 Қаулысы
(2020.28.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020.13.05. № 102 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020.13.05. № 102 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды; Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020.28.08. № 198 Қаулысымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 шiлдедегi № 229 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы бекітілгенге дейінгі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.