«Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 193 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген шартты шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 5 сәуірдегі
№ 193 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 21 шілдедегі
№ 441 қаулысымен
бекітілген
Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың
тізбесі
| Р/с № | Тауардың/субпозицияның атауы | СЭҚ ТН коды |
| 1 | 2 | 3 |
| «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қауіпсіздікті тексеруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салулар мен шектеулерді сақтау көзделген тауарлар |
| 1 | Арматураланбаған немесе басқа материалдармен құрамдастырылмаған, фитингтерсіз өзге де құбырлар, түтіктер және шлангілер | 391732 |
| 2 | Арматураланбаған немесе басқа материалдармен, фитингтермен құрамдастырылмаған өзге де құбырлар, түтіктер және шлангілер | 391733 |
| 3 | Асбокартон | 681299 |
| 4 | Асбоцементтен, целлюлоза талшықтары бар цементтен немесе құрамында асбест жоқ ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар: гофрленген табақтар | 681181 |
| 5 | Асбоцементтен, целлюлоза талшықтары бар цементтен немесе құрамында асбест жоқ ұқсас материалдардан жасалған өзге де бұйымдар, өзгелері | 681189 |
| 6 | Асбоцементтен, целлюлоза талшықтары бар цементтен немесе ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар | 681140 |