«Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 17 тамыздағы № 726 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 17 тамыздағы
№ 726 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы
№ 1034 қаулысымен
бекітілген
Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң
тiзбесi
Перечень
редких и находящихся под угрозой исчезновения видов животных
| |
| Р/с № № п/п | Қазақ тiлiнде На казахском языке | Латын тiлiнде На латинском языке | Орыс тiлiнде На русском языке |
| Жануарлар дүниесі Омыртқасыздар тобы Буылтық құрттар типі Азқылшықтылар класы Люмбрикоморфалар отряды Regnum animalia Group invertebrates Typus annelida Classis oligochaeta Ordo lumbricomorpha Животный мир Группа беспозвоночные Тип кольчатые черви Класс малощетинковые Отряд люмбрикоморфа |
| 1 | Жылантәрiздi перелия | Perelia ophiomorpha | Перелия змеевидная |
| 2 | Ірі эйзения | Eisenia magnifica | Эйзения великолепная |
| Моллюскалар типі Бауыраяқтылар класы Cабақшакөзділер отряды Typus mollusca Classis gastropoda Ordo stylommatophora Тип моллюски Класс брюхоногие Отряд стебельчатоглазые |
| 3 | Шнитников псеудонапэусы | Pseudonapaeus schnitnikovi | Псевдонапеус Шнитникова |
| 4 | Түркiстан туркомилаксы | Turcomilax turkestanus | Туркомилакс туркестанский |