Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын және акциздерді төлеу мерзімін өзгерту мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 123 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 777 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 51-3-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын және акциздерді төлеу мерзімін өзгерту мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 123 бұйрығымен бекітілген
Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын және акциздерді төлеу мерзімін өзгерту мақсатында
тәуекелдерді басқару жүйесі