Цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 149/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 74-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған «Цифрлық үкiметтiң» цифрлық инфрақұрылымы объектiлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі | |
бұйрығымен бекітілген
«Цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектілерінің
тізбесі
1. Цифрлық жүйелер:
1) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы;
2) «цифрлық үкіметтің» шлюзі;
3) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» цифрлық жүйесі;
4) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» цифрлық жүйесі;
5) «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» цифрлық жүйесі;