«Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шымкент қаласы әкімінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 2 шешiмi
ШЕШТІМ:
1. «Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Шымкент қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы
Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2 шешіміне қосымша
Шымкент қаласы әкімінің
2018 жылғы 14 қарашадағы
№ 9 шешіміне 1-қосымша
Шымкент қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары
Абай ауданы
№ 36 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: «Самал-2» шағын ауданы, № 132/3, «125 High School» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты.
Шекарасы: Көрікті көшесі № 87-155, Ақдала көшесі № 1-90, Болашақ көшесі № 1-90, Алтын бесік көшесі № 1-90, Тынышбай ата көшесі № 1-90, А.Назарбеков көшесі № 1-43, Сырлысай көшесі № 1-60, Балғын көшесі № 1-60.
№ 37 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: «Самал-3» шағын ауданы, Ұ.Арғынбеков көшесі, нөмірсіз, Шымкент қаласының білім басқармасының «Абдраш Назарбеков атындағы № 87 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.