Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы
Шымкент қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/386-6с шешiмi
Осы редакция 2020 жылғы 14 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.
2. «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы | М. Битеміров |
| Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы | Ғ. Ташқараев |
Шымкент қаласы мәслихатының
2019 жылғы 29 наурыздағы
№ 47/386-6с шешімімен бекітілді
Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер