Банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге және стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 57 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге және стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Мына:
1) «Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 61 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29734 болып тіркелген);