Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтау нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 855 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 22) тармақшасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтау нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қорғаныс министрі | Н. Ермекбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2019 жылғы «___»______________
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 25 қазандағы
№ 855 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтау
нормалары
1-тарау. Штабтар, казармалар мен жатақханалар