«Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 263-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестікті бағалау қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Өнімді сертификаттау кезінде:
1) өнімді сәйкестендіруді жүргізуге, оның ішінде сыныптау топтамасына тиесілігін, өнімге техникалық құжаттаманың (жобалау және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану) сәйкестігін, шығу тегін, осы партияға тиесілігін, сондай-ақ жиынтығында өнімнің техникалық регламентке және стандарттау жөніндегі құжатқа, тауарға ілеспе құжаттамаға, жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа), ерекшелікке, заттаңбаға, затбелгіге және өнімді сипаттайтын басқа да құжатқа сәйкестігін растау үшін жеткілікті болатын белгілері, параметрлері, көрсеткіштері мен талаптары бойынша оның сәйкестігін тексеруге;
2) өнімнің адам өмірі, денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, қағидаларда белгіленген талаптарға, сондай-ақ өнімді пайдалану, сақтау және тасымалдау шарттары сақталған жағдайда сәйкестікті міндетті растау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде тексерілетін басқа да талаптарға сәйкестігін толық және анық растауға мүмкіндік беретін өнімнің сипаттамалары (көрсеткіштері) тексеріледі, сынақ әдістері пайдаланылады.
Басқа тексерілетін сипаттамалардың (көрсеткіштердің) құрамы нақты өнімді сертификаттау мақсаттарына сүйене отырып айқындалады.