Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығы
(2025.06.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сәйкестікті бағалау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы | Е. Қазанбаев |
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрі міндетін атқарушының
2021 жылғы 29 маусымдағы
№ 433-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Сәйкестікті бағалау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024.09.10. № 350-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 14 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Сәйкестікті бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сәйкестікті бағалау тәртібін айқындайды.