Ластағыштардың шығарындылары мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 346 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 22-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ластағыштардың шығарындылары мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. «Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 241 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13968 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейің оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі | М. Мирзагалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»