Арнаулы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 521 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 64 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 74-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес арнаулы кедендік статистиканы жүйелі жүргізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Арнаулы кедендік статистиканы жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов
2017 жылғы 29 тамыз
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 24 тамыздағы
№ 521 бұйрығымен
бекітілді
Арнаулы кедендік статистиканы жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер