Введите номер документа
Прайс-лист

«Консулдық алым ставкаларының, сондай-ақ жеделдігі үшін консулдық алым ставкасының ең төменгі және ең жоғары базалық мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 197 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1170 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 31 декабря 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 4 марта 2019

«Консулдық алым ставкаларының, сондай-ақ жеделдігі үшін консулдық алым ставкасының ең төменгі және ең жоғары базалық мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 197 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1170 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 74 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Консулдық алым ставкаларының, сондай-ақ жеделдігі үшін консулдық алым ставкасының ең төменгі және ең жоғары базалық мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 197 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 82-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелері;

2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлері бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген консулдық алым ставкаларының, сондай-ақ жеделдігі үшін консулдық алым ставкасының ең төменгі және ең жоғары базалық мөлшерлері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерімен толықтырылсын.

2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом