«Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен квазимемлекеттік сектор субъектісі арасында «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды орындауға келісім жасасу, «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша шарттарды және (немесе) «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау шарттарын тіркеу, орындау, сондай-ақ олар бойынша төлемдер жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 156 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 147-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен квазимемлекеттік сектор субъектісі арасында «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды орындауға келісім жасасу, «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша шарттарды және (немесе) «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау шарттарын тіркеу, орындау, сондай-ақ олар бойынша төлемдер жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобаларды мониторингтеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі | С. Жумангарин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Ұлттық
экономика министрі