Кәсіпорындар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 151 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Жаңа кәсіпорындарға пікіртерім жүргізу» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1711105, индексі 1-НП, кезеңділігі бір жолғы) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Жаңа кәсіпорындарға пікіртерім жүргізу» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1711105, индексі 1-НП, кезеңділігі бір жолғы) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1721110, индексі 1-СР, кезеңділігі жылына бір рет) осы бүйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1721110, индексі 1-СР, кезеңділігі жылына бір рет) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Шаруа немесе фермер қожалықтарындағы мал мен құстың, ауыл шаруашылығы техникасының және құрылыстардың нақты бары туралы мәліметтер» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1731103, индексі 6-Ж (фермер), кезеңділігі жартыжылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;