Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 247 бұйрығы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 98-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі | Н. Ногаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 2 шілдедегі
№ 247 Бұйрығымен
бекітілген
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер