«Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 155 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20338 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі | Ч. Аринов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2026 жылғы 13 сәуірдегі
№ 155 бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 6 сәуірі
№ 187 бұйрығымен
бекітілген