Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК...

Информация о документе
Датасреда, 20 июля 2022
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 20 июля 2022

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім министрінің

2022 жылғы 20 шілдедегі

№ 2 бұйрығына 2-қосымша

 

 

Осы редакция 2023 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті

стандарты

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - МЖБС) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 5-1) және 5-2) тармақшаларына және 56-бабына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ), оның ішінде әскери арнаулы оқу орындарындағы (бұдан әрі - ӘАОО) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы білім беру ұйымдарында, білім беру мазмұны мен оқыту технологиясы ерекше мәртебеге сәйкес, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушылардың айрықша мәртебесіне сәйкес дербес айқындалады.

2. МЖБС-да Заңға сәйкес ұғымдар қолданылады. Оларға қосымша мынадай ұғымдар енгізілген:

1) ӘАОО-дағы біліктілік сипаттамалары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;

2) ӘАОО-дағы біліктілік талаптары - ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау органдары жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды;

3) ӘАОО-дағы кәсіби құзыреттер - тиісті лауазымда құқық қорғау органдары жүйесіндегі кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, іскерліктер мен дағдылар;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом