Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 Қаулысы
(2024.16.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 26 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 94-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесі;
2) иеліктен шығаруға жатпайтын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 927 қаулысымен
бекітілген
Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің
тізбесі
1. Жер (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздерде, шарттарда және шектерде жеке меншікте болуы мүмкін жерден басқа), оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар.
2. Мемлекеттік қадағалау желісі және оның мүлкі.
3. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері.