Есіл ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы
Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № а-12/287 және Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-15/6 бірлескен қаулысы мен шешімі
Осы редакция 2025 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 2394,52 гектар Есіл ауданының Ақсай ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 1219,6 гектар Есіл ауданының Московский ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 3-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 2939,0 гектар Есіл ауданының Орловка ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 4-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 1555,0 гектар Есіл ауданының Знаменка ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
5. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 5-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 2302,6 гектар Есіл ауданының Бұзылық ауылдық округінің Бұзылық ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
6. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 6-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 1240,1 гектар Есіл ауданының Бұзылық ауылдық округінің Сұрған ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
7. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 7-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 470,8 гектар Есіл ауданының Жаныспай ауылдық округінің Ковыльный ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
8. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 8-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 2137,9 гектар Есіл ауданының Жаныспай ауылдық округінің Жаныспай ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
9. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 9-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 1312,3 гектар Есіл ауданының Қаракөл ауылдық округінің Речной ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.