Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығы (2025.10.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датасреда, 25 февраля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 28 марта 2015
Дата последнего измененияпятница, 10 октября 2025

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығы

(2025.10.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Әділет министрінің 2021.10.02. № 109 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Имашев

 

ҚР Әділет министрінің 2022.01.09. № 743 бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 25 ақпанында

№ 114 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқығын растайтын құжаттардың

 тізбесі

1-тарау. Құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезіндегі құжаттар

 тізбесі

 

1. Жеке тұлғаларға мына мәселелер бойынша:

1) алименттер өндіріп алу - баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, неке туралы немесе некені (ерлі-зайыптылық) бұзу туралы куәлік, ал егер бала (некесіз) туылған жағдайда, әке болуды анықтау туралы куәлік;

2) зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау- азаматтың жеке басын куәландыратын құжат, зейнеткер куәлігі, тиісті жәрдемақы алуға негіз болып табылатын құжат;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом