Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 290-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі | Е. Аккенженов |
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 30 шілдедегі
№ 290-н/қ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. «Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметті сатып алу туралы үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12522 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартта:
9-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: