Маңғыстау облысы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № 188 шешімі
Осы редакция 2025 ж. 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысы әкімі аппаратының регламенті бекітілсін.
2. «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы М.С. Әбдіқадыровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2025 жылғы 5 тамыздағы
№ 188 қаулысына қосымша
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының регламенті
Қолданылатын қысқартулар:
Өңірлік даму және ұйымдастыру жұмысы бөлімі - ӨДжҰЖБ
Әлеуметтік-экономикалық даму және талдау бөлімі - ӘЭДжТБ
Бірыңғай заң қызметі - БЗҚ
Терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімі - ТҚІБ
Құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімі - ҚҚОЖБ
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) - ПБҚ (кадр қызметі)
Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі - ҚБЕБ
Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі - ҚҚЕжББ
Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі - ӨҚББ
Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі - МҚҚБ
Цифровизацияны дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімі - ЦДжМКҚМБ
1. Жалпы ережелер