Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 шешімі
(2020.08.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 18 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2020.08.07. № 325 шешімімен тақырыбында және барлық мәтін бойынша «ережесін», «ережесі» сөздері «қағидасын», «қағидасы» сөздерімен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2020.08.07. № 325 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Арқалық қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кезекті сессияның төрайымы | Е. Цвентух |
| Мәслихат хатшысы | Н. Шалдыбаев |
КЕЛІСІЛДІ:
«Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
К. Омарова
«Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Мұхамбетжанова
«Арқалық қаласы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н. Гайдаренко
Қостанай облысы
Арқалық қаласы мәслихатының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 236 шешімімен бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсету
қағидасы
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2020.08.07. № 325 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)