«Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 1061 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2024 жылғы 30 мамырдағы № 332 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 102 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14914 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген, Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларында:
1, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 3 қарашадағы
№ 1061 бұйрығына 1-қосымша
Темекі өнімдеріне арналған
дербес сәйкестендірунөмір-
кодтарын беруқағидаларына
1-қосымша
Нысан