Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 10-НҚ нормативтік қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Есеп комитетінің Әдіснама және сапа бақылауы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы | Н. Годунова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2021 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 10-НҚ нормативтік қаулыға
қосымша
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің,
консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер