Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 Қаулысы
(2022.20.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 196-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. «Мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторинг жүйесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі № 998 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 347-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2013 жылғы 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2021.18.02. № 75 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1546 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет
қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2022.20.06. № 407 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)