Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған II сессиясының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 32 шешімі
(2021.17.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 25 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
2. ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 маусымдағы ХХХІV сессиясының «Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 368 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-115 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 шілдедегі № 080 (684) «Взгляд на события» газетінде жарияланған), IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы XLIII сессиясының «IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 маусымдағы XXXIV сессиясының «Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 368 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» № 447 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-124 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 147 (751) «Взгляд на события» газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметт ік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров).