Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 947 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағының 36-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі | Ж. Қасымбек |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының