Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 105 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 наурыздағы
№ 105 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыру
1. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін айқындайды.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалар (бұдан әрі – ұсынатын ұйымдар) уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды қағаз және электрондық түрде жібереді:
1) кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;
2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;
3) қолдаухат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;