Салықтық тіркеу талаптарының сақталуын мониторингтеуге байланысты мемлекеттік кірістер органының шешімдері нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 653 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабының 4-тармағына, 82-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 107-бабының 1 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою туралы хабарламаның нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы | Д. Темирбеков |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 31 қазандағы
№ 653 бұйрыққа 1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік кірістер органында салықтық тіркеу есебіне қою туралы
хабарлама
| № ______ | «__» ______20___жыл |
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі)
49-бабының 4-тармағына, 82-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және
107-бабының 1-тармағына сәйкес
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының (бұдан әрі - МКO) атауы, коды, бизнес