Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы «Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 138/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 290/10 Қаулысы
Павлодар облысының әкімдігінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 258/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы «Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 138/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4551 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде «Регион.KZ» газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшаына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Оразғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімінің міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 13 қазандағы
№ 290/10 қаулысына
қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы «15» мамырдағы
№ 138/5 қаулысымен
бекітілді
«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер