Введите номер документа
Прайс-лист

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың құжаттарын және мәліметтерді тексеруді, қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ қарап-тексеру және жете тексеру актілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 27 наурыздағы № 295 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 27 марта 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 9 апреля 2023
Дата последнего измененияпонедельник, 27 марта 2023

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың құжаттарын және мәліметтерді тексеруді, қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ қарап-тексеру және жете тексеру актілерінің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 27 наурыздағы № 295 бұйрығы

 

«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 10 және 11-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың құжаттарын және мәліметтерді тексеруді, қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүзеге асыру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қарап-тексеру актісінің нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жете тексеру актісінің нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом