«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 200 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 453 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 200 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 22675 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2021-2023 жылдарға «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі | С. Нурбек |
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2023 жылғы 31 тамыздағы
№ 453 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы