Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 26 мамырдағы
№ 222 бұйрығына
5-қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру»
мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
2. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
3. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша аванс беру үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» (бұдан әрі - стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қосымшасымен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті тікелей көрсетілетін қызмет берушіге не «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат мемлекеттік қызметтер стандартында белгіленеді.
4. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі.