Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ ...

Информация о документе
Датачетверг, 28 января 2016
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 28 января 2016

Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидасы мен мерзімін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығы

(2016.28.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Әділет министрінің 2016.28.01. № 44 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Әділет министрінің 2016.28.01. № 44 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидасы мен мерзімін осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес.

2) Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру ережесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

ҚР Әділет министрінің 2016.28.01. № 44 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Д.Р. Құсдәулетовке және Қазақстан Республикасы Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Имашев

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом