Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2016 - 2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту және «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1138 Қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 15 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 16-бабының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 410 Қаулысымен 1-тармақтың қолданылуы 2018 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2016 - 2020 жылдарға арналған ұлттық жоспары бекітілсін.
2. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 655-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларында:
9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұлттық жоспарға енгізілмеген, көміртегі қостотығының шығарындылары тиісті Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде 20000 тоннадан асып кеткен табиғат пайдаланушылар үшін көміртегі қостотығы шығарындыларының көлемі кейінгі квоталау кезеңіне базалық желі ретінде тәуелсіз аккредиттелген ұйым растаған соңғы қолжетімді есепке сәйкес белгіленеді.».
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1138 қаулысымен
бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің
2016 - 2020 жылдарға арналған
ұлттық жоспары
1. Жалпы ережелер