Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 12 маусымдағы № 311-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 12 маусымдағы № 311-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық

актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

1) 26-баптың 2-тармағында:

1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) егер адам еңбек қызметін тоқтатар алдындағы соңғы бір жылда өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай коммерциялық ұйымның қызметін тексеру нысанында бақылауды тікелей жүзеге асырған болса не осы коммерциялық ұйымның мүддесін қозғайтын шешім қабылдаған болса не осы коммерциялық ұйымның қызметі оның лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес аталған адаммен тікелей байланысты болса, мемлекеттік қызметті немесе мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларды орындауға байланысты өзге де қызметті тоқтатқаннан кейін бір жыл бойы осы адамды, квазимемлекеттік сектор субъектісі болып саналатын ұйымды қоспағанда, осы коммерциялық ұйымға басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымға;

2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі лауазымына;

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін, авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісі лауазымына;

мемлекеттік ұйымдарда немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымдарға, сондай-ақ аталған ұйымдарда сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруға не мемлекеттік бюджеттің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуді немесе қаржыландыруды немесе іске асыруды немесе мониторингтеуді жүзеге асыруға байланысты дербес құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес лауазымдарға;

мемлекеттік қызметтердің тікелей көрсетілуін көздейтін немесе мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты не жеке тұлғалардың қолжетімділігі шектеулі дербес деректеріне және (немесе) қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа қол жеткізуді көздейтін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындағы лауазымдарға;»;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

1-тармағының 1) тармақшасының оныншы абзацының қолданысы 2029 ж. 14 маусымға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац Заңның 2-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының редакциясында қолданылады

«2-1) жұмысқа орналасқанға дейінгі үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған адамды осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген лауазымға;»;

2) 32-баптың 3-тармағында:

«азаматтық қызметтің мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымына немесе квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі жұмысқа» деген сөздер «осы Кодекстің 26-бабы 2-тармағының

2) тармақшасында көрсетілген лауазымға» деген сөздермен ауыстырылсын;

«қылмыс» деген сөз «құқық бұзушылық» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 52-бапта:

1-тармақтың 23) тармақшасындағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі аудит қызметі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі аудит қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

1-тармағының 3) тармақшасының төртінші абзацының қолданысы 2029 ж. 14 маусымға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац Заңның 2-бабының 2-тармағы 2) тармақшасының редакциясында қолданылады

«2) осы Кодекстің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген лауазымды атқаратын жұмыскер сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен бұзылуға тиіс.»;

1-тармағының 4) тармақшасының қолданысы 2029 ж. 14 маусымға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде осы тармақша Заңның 2-бабының 2-тармағы 3) тармақшасының редакциясында қолданылады

4) 53-баптың 12-тармағы 2) тармақшасындағы «қаулысы негізінде жүргізіледі.» деген сөздер «қаулысы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың заңды күшіне енген қаулысы негізінде жүргізіледі.»;

5) 139-бапта:

3-тармақ «қабылдау» деген сөзден кейін «осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар мен қойылатын шектеулер сақтала отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақ алып тасталсын;

6) 140-бапта:

тақырып «ішкі аудит қызметі» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет» деген сөздермен толықтырылсын;

1-тармақ «ішкі аудит қызметі», «ішкі аудит қызметі,» деген сөздерден кейін тиісінше «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет,» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақ «ішкі аудит қызметінің» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақ «ішкі аудит қызметінің» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 2-бөлім мынадай мазмұндағы 12-1-тараумен толықтырылсын:

«12-1-тарау. Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде жүргізу ерекшеліктері

146-3-бап. Цифрлық кадр жүйесі туралы жалпы ережелер

1. Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) кадр процестері - ауыстыруды, көтермелеуді, тәртіптік жауаптылыққа тартуды, еңбек қатынастарын тоқтатуды құжаттандыруды қоса алғанда, жұмысқа қабылдауға, еңбек қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыруға және өзге де кадр рәсімдеріне байланысты құжаттарды ресімдеу, жүргізу, есепке алу және сақтау жөніндегі әрекеттердің жиынтығы;

2) цифрлық кадр жүйесі - мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде кадр процестерін автоматтандыруға, сондай-ақ онда қамтылатын ақпаратты жинауға, сақтауға, беруге және өңдеуге арналған цифрлық жүйе.

2. Осы тараудың ережелері:

1) өзге цифрлық кадр жүйелері бар мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерге;

2) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

146-4-бап. Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде жүргізу тәртібі

1. Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізеді.

2. Цифрлық кадр жүйесіне жұмыскер туралы деректер, жұмыскердің Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналатын жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының жеке сәйкестендіру нөмірлері, сондай-ақ бар болған кезде - жұмыскер бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (дара кәсіпкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлері) және жұмысқа қабылдауға, еңбек қызметін жүзеге асыруға және еңбек шартын тоқтатуға байланысты өзге де мәліметтер енгізіледі.

1-тармағының 7) тармақшасының он төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Жұмыскердің жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстарының жеке сәйкестендіру нөмірлерін, сондай-ақ бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін (дара кәсіпкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін) ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысын анықтау мақсатында тиісті деректерді цифрлық жүйелерден алады.

3. Цифрлық кадр жүйесінің толықтырылуын мониторингтеуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің цифрлық кадр жүйесінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауын мониторингтеуді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.

146-5-бап. Цифрлық кадр жүйесін жүргізу және оған қолжетімділік

1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган цифрлық кадр жүйесін қалыптастыру мен жүргізу бойынша жалпы үйлестіруді жүзеге асырады және онда қамтылған дербес деректердің тұтастығын, құпиялылығы мен қорғалуын Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді.

2. Тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдар цифрлық кадр жүйесінен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары енгізген мәліметтерді алуға құқылы.»;

1-тармағының 8) тармақшасы 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

8) 159-баптың 4-1-тармағының бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктеріндегі «іс-қимыл жөніндегі уәкілетті» деген сөздер «саясат жөніндегі уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-тармақ 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

2. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:

1) 13-баптың 1-тармағында:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Кеден органдарының құқықтары:»;

14) тармақша «құқық қорғау органдары» деген сөздерден кейін «, ұлттық қауіпсіздік органдары» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 18-1-баптың 1-тармағы төртінші бөлігінің 5) тармақшасы «құқық қорғау органдарынан,» деген сөздерден кейін «ұлттық қауіпсіздік органдарынан,» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 291-баптың 7-1-тармағының үшінші бөлігіндегі «немесе құқық қорғау органының» деген сөздер «, құқық қорғау органының немесе ұлттық қауіпсіздік органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.

3. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:

3-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

1) 6-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;

3-тармағының 2) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

2) 12-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «245 (бірінші және екінші бөліктері),» деген сөздерден кейін «247 (үшінші бөліктің 2-тармағы),» деген сөздермен толықтырылсын.

4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 20-2-баптың үшінші бөлігінде:

1) тармақшадағы «заңда белгіленген тәртіппен», «танылған» деген сөздер тиісінше «сот», «таныған» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

4-тармағының 1) тармақшасының төртінші абзацының қолданысы 2029 ж. 14 маусымға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац Заңның 2-бабының 2-тармағы 4) тармақшасының редакциясында қолданылады

«2) лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;»;

4) тармақша алып тасталсын;

2) 20-3-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау;»;

3) 20-4-бапта:

2-тармақта:

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың өздеріне мәлім болған жағдайлары туралы басшылықтың және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізуге;»;

4-тармағының 3) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдауға;»;

4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып саналатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары (зайыптары) және (немесе) олармен байланысы бар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-2) тармақшасының екінші бөлігінде аталған басқа да адамдар;

2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары (зайыптары) және (немесе) олармен байланысы бар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-2) тармақшасының екінші бөлігінде аталған басқа да адамдар;».

5-тармақ 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

5. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;»;

2) 13-бап мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

«10-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру;».

6. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

мынадай мазмұндағы 58-1-баппен толықтырылсын:

«58-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет

1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі болып саналатын серіктестік пен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылымдық бөлімше немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам айқындалады.

Квазимемлекеттік сектор субъектісі болып саналмайтын серіктестік сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті құруға құқылы.

2. Серіктестіктің байқау кеңесі (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің штат санын айқындайды, оның басшысын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамды тағайындайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның өкілеттік мерзімін, лауазымдық айлықақысының мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындайды.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы, жұмыскерлері немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам осы серіктестіктің байқау кеңесінің (ол болған кезде) немесе өзге тәуелсіз басқару органының және атқарушы органының мүшелері болып сайлана алмайды.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам өз өкілеттіктерін серіктестіктің атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, байқау кеңесіне (ол болған кезде) немесе өзге тәуелсіз басқару органына есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болады.

5. Серіктестіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамының құзыреті, жұмысын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібі - оның ішкі актісінде, ал квазимемлекеттік сектор субъектісі болып саналатын серіктестік жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже негізінде ішкі актіде айқындалады.

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.».

7-тармақ 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

7. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

22-баптың 1-тармағындағы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте,» деген сөздер алып тасталсын.

8. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

8-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

1) 14-баптың 14) тармақшасындағы «және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің» деген сөздер «, ұлттық қауіпсіздік органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 30-баптың 1-тармағының жетінші абзацындағы «лауазымды адам немесе мемлекеттік қызметші активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын.

9-тармақ 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

9. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

32-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацындағы «әділет органдарының қызметкерлері» деген сөздер «әділет органдарының жұмыскерлері» деген сөздермен ауыстырылсын.

10-тармақ 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

10. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

2-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке» деген сөздер алып тасталсын.

11. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

20-бапта:

2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Мәслихат депутаты ретінде тіркелген адам өзіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.»;

3-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамаса;»;

4-тармақтың бірінші бөлігі «1),» деген цифрдан кейін «1-1),» деген цифрлармен толықтырылсын;

6-тармақ алып тасталсын.

12. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 53-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:

«10-2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің штат санын айқындау, оның басшысын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамды тағайындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның өкілеттік мерзімін, лауазымдық айлықақысының мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау;»;

2) 57-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің;»;

3) 60-баптың 4) тармақшасындағы «атқарушы орган мен қоғамның ішкі аудит қызметінің құрамына кіретін қызметкерлерді» деген сөздер «қоғамның атқарушы органының, ішкі аудит қызметінің құрамына кіретін қызметкерлерді және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын орындайтын жауапты адамын» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) мынадай мазмұндағы 61-1-баппен толықтырылсын:

«61-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет

1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі болып саналатын қоғам мен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылымдық бөлімше немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам айқындалады.

Квазимемлекеттік сектор субъектісі болып саналмайтын қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті құруға құқылы.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы, жұмыскерлері немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам осы қоғамның директорлар кеңесі мен атқарушы органының құрамына сайлана алмайды.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам өз өкілеттіктерін қоғамның атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, директорлар кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болады.

4. Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамының құзыреті, жұмысын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібі - қоғамның ішкі актісінде, ал квазимемлекеттік сектор субъектісі болып саналатын қоғам жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже негізінде ішкі актіде айқындалады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.».

13. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 15-11-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Уәкілетті органның қызметшісі лауазымына:

1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

13-тармағының 1) тармақшасының төртінші абзацының қолданысы 2029 ж. 14 маусымға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац Заңның 2-бабының 2-тармағы 5) тармақшасының редакциясында қолданылады

2) лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;

3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

4) уәкілетті органның қызметшісі лауазымына орналасу уақытында заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;

5) міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелерін алмаған адам тағайындала алмайды.»;

2) 15-12-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау;»;

3) 15-13-бапта:

2-тармақта:

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың өздеріне мәлім болған жағдайлары туралы басшылықтың және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізуге;»;

13-тармағының 3) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдауға;»;

4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып саналатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары (зайыптары) және (немесе) олармен байланысы бар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-2) тармақшасының екінші бөлігінде аталған басқа да адамдар;

2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары (зайыптары) және (немесе) олармен байланысы бар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-2) тармақшасының екінші бөлігінде аталған басқа да адамдар;».

Добавить в список основных источников в Google

Документ не введен в действие
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!