Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 344 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 17 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі | М. Карабаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 12 мамырдағы
№ 344 бұйрығымен бекітілген
Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және рельсті көлікте қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды».