Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 207 Қаулысы
(2022.28.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 849 Қаулысымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. «Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы№ 507 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 34, 324-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 20 сәуірдегі
№ 207 қаулысымен
бекітілген
Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын
импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына сәйкес әзірленді және шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: