Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 201 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021 жылғы 19 наурыздағы № 76 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 19 марта 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 6 апреля 2021
Дата последнего измененияпятница, 19 марта 2021

 «Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 201 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021 жылғы 19 наурыздағы № 76 бұйрығы

 

«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 201 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15429 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 15 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының қорын қалыптастыру мен есепке алу және оған қолжетімділікті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының қорын қалыптастыру мен есепке алу және оған қолжетімділікті ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан ұлттық электронды кітапханасын қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом