«Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 488 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36055 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Өтінішті қарау қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау;
2) уәжді бас тарту.»;
көрсетілген Қағидаға 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.