Семей қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсанда № 20/129-VII шешімі
Осы редакция 2022 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 50 168 872,0 мың теңге:
салықтық түсімдер – 30 490 156,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 113 295,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 668 874,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 12 896 547,0 мың теңге;
2) шығындар – 43 950 191,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – -175 915,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 36 756,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 212 671,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 6 394 596,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -6 394 596,0 мың теңге:
қарыздар түсімі – 36 756,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 6 431 352,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0,0 мың теңге.
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві – 745 446,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2022 жылға арналған әлеуметтік салық және жеке табыс салығы бойынша табысты бөлу нормативтері Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12/91-VII «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 25825 болып тіркелген) шешіміне сәйкес 100 пайыз көлемінде атқарылуға алынсын.