ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 5-бабының 16) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңестің құрамы;
2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туылған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 4 шілде
№ 932
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 4 шілдедегі
№ 932 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің
ҚҰРАМЫ
(лауазым бойынша)
Қазақстан Республикасының Президенті, төраға
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 4 шілдедегі
№ 932 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер