«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының барысын мониторингілеу нәтижелері туралы есеп нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 339 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 222 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының барысын мониторингілеу нәтижелері туралы есеп нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 339 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14189 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының барысын мониторингілеу нәтижелері туралы есеп нысанын бекіту туралы есебінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі | Е. Нагаспаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы