«Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 489 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 223 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 492 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 489 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 8 сәуірдегі
№ 223 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 9 шілдедегі
№ 489 қаулысымен
бекітілген
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 225-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау тәртібін айқындайды.
2. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің мөлшері мың теңгеге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдік шартының талаптарына сәйкес экспортты қолдау функцияларын жүзеге асыратын ұлттық компания алдындағы оның сақтандыру төлемдері бойынша берешегін толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі;