Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 14 шілдедегі № 11-1-4/420 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы | А. Рахметуллин |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің м.а.
бірінші орынбасары
2025 жылғы 14 шілдедегі
№ 11-1-4/420 бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 11-1-2/303 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14141 болып тіркелген).
2. «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-2/66 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14926 болып тіркелген).