Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 29-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 79-ө өкімімен күші жойылды
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесі (бұдан әрі - кесте) бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 82-р өкімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қоса беріліп отырған кестеге сәйкес осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 29-ө өкіміне қосымша
Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну
кестесі
Р/с № | Құжаттың атауы | Ақпараттық материалдарды ұсыну мерзімі |
Орталық атқарушы органдар, Ұлттық Банк (келісім бойынша) және ұйымдар (келісім бойынша) | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлімдері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Күн сайынғы ақпарат |
1 | Төтенше жағдай туралы ақпарат | келіп түсуіне қарай, Ішкі істер министрлігі | Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі, Өңірлік даму бөлімі |
2 | Криминогенді жағдайдың жай-күйі туралы ақпарат | Ішкі істер министрлігі | Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі |
3 | Маңызды хат-хабар | келіп түсуіне қарай | |
4 | Қазақстан Республикасының Елшілігінен келіп түсетін жиынтық ақпарат. Халықаралық жағдай туралы ақпарат | келіп түсуіне қарай, Сыртқы істер министрлігі | Сыртқы байланыстар және протокол бөлімі |