«Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 29 шілдедегі № 71 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 87-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің 15-бабының 301) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Скринингтік зерттеулерді өткізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Скринингтік зерттеулер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары (бұдан әрі - нысаналы топтар) арасында өткізіледі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. АЕК ұйымының мейіргері скринингтік зерттеудің бірінші кезеңі:
зерттеу нәтижелерінің нормадан ауытқулары болмаған кезде;
саламатты өмір салты бойынша консультациялар және мінез-құлықты өзгерту бойынша ұсынымдар жүргізгеннен кейін денсаулыққа қауіп факторларының (ДСИ>25, зиянды әдеттер, ұйқы мен демалыс режимінің бұзылуы) болуын белгілеген кезде аяқтайды.»;
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: